Б. Имаханов: спортшыларымыз елімізге алтын медаль әкеледі деген сенімдемін

0
290

Қазақстан атынан жарысқа қатысушылар арасында тіс қаққан азулы спортшылар бар.


Б. Имаханов: спортшыларымыз елімізге алтын медаль әкеледі деген сенімдемін

ERNUR.KZ. Әлем чемпионатына қатысатын спортшылар 25 қазаннан бері елордада оқу-жаттығу жиынын бастап кетті. Олар қазіргі таңда үздіксіз дайындық үстінде. Күніне 2 рет оқу-жаттығу дайындығында болады. Қазақстаннан 28 спортшы ел намысын қорғайды. Олардың барлығы Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшелері. Самбошылар еліміздің қоржынына алтын салуға тырысады. ҚР Ұлттық құрама командасының бас бапкері Біржан Имаханов ОКҚ брифингінде осындай мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, Қазақстан атынан жарысқа қатысушылар арасында тіс қаққан азулы спортшылар бар. Ерлер арасында әлем чемпионы Нұрбол Серіков, әйелдер арасында 2 әлем чемпионы Арайлым Әбенова мен Гүлдана Альмухамбетова ел намысын қорғайды.

«Жас буын спортшыларымыз да бар. Өздерін халықаралық жарыстарда жақсы көрсетіп, осы Әлем чемпионатында ел намысын қорғауға жақсы дайындық үстінде. Қарағандылық спортшы Болат Сапар, Есентай Имаханов. Жауынгерлік самбодан мықты спортшыларымыз бар: Нади Райхан, Дүйсенбеков Бақытжан», – деді спикер.

Біржан Имаханов отандық спортшылардың халықаралық деңгейде өткен жарыстардағы нәтижелерін жоғары бағалап, ерекше атап өтті. Мәселен, биыл Макаода өткен Азия чемпионатында самбошыларымыз командалық есепте бірінші орын алған. Қырғызстандағы Әлем кубогында да спортшылар алтын медаль иеленді.

Бас бапкер барлық жанкүйерді 8 қараша күні Астана қаласы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін Әлем чемпионатын тамашалап, спортшыларымызға қолдау көрсетуге шақырды.