Бағдат Мусин: «+77» және +76» халықаралық кодтардан түсетін қоңыраулар «Қазақстан» деп көрсетіледі

0
531

Ведомство басшысы Apple компаниясымен бірге көпшілікті алаңдатқан мәселенің шешілгенін айтты.


Бағдат Мусин: «+77» және +76» халықаралық кодтардан түсетін қоңыраулар «Қазақстан» деп көрсетіледі

ERNUR.KZ. Халықаралық кодтарда түсетін қоңыраулар бұдан былай «Қазақстан» деп көрсетіледі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Instagram парақшасында мәлім етті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Ведомство басшысы Apple компаниясымен бірге көпшілікті алаңдатқан мәселенің шешілгенін айтты.

«Енді «+77» және +76» халықаралық кодтардан түсетін қоңыраулар «Қазақстан» деп көрсетіледі. Apple өтінішімізді барынша жылдам қарастырып, бізге ықылас танытқанын атап өткім келеді. Сөйтіп iOS 14 қолдайтын iPhone 6 және одан кейінгі құрылғыларда аталған проблема шешілді», - деп жазды министр.