Байқоңырда мектептің бас есепшісі 52 миллион теңге жымқырған

0
53

Орта білім беру ұйымының бас есепшісі бірнеше мұғалімдердің есеп шоттарына артық жалақы аударып, аударылған артық қаражаттарды өзінің жеке есепшотына қайта аудару арқылы жымқырған.


Байқоңырда мектептің бас есепшісі 52 миллион теңге жымқырған

фото: baq.kz.

ERNUR.KZ. Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының прокуратурасы білім беру ұйымдарының 2022-2024 жылдар аралығында бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесімен мемлекет бюджетін жымқыру фактісін анықтады, деп жазады baq.kz.

Орта білім беру ұйымының бас есепшісі бірнеше мұғалімдердің есеп шоттарына артық жалақы аударып, аударылған артық қаражаттарды өзінің жеке есепшотына қайта аудару арқылы жымқырған.

Салдарынан мемлекеттік бюджетке 52 млн теңге залал келтірілген.

Аталған факті бойынша Байқоңыр қаласы прокуратурасымен Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, іс сотқа жолданды.

Сот үкімімен мектептің бас есепшісі кінәлі деп танылып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты Қылмыстық кодекстің 74-бабына сәйкес жаза өтеу мерзімі 5 жылға кейінге қалдырылды.