Байқоңырда полицейді басып кете жаздаған ауыл тұрғыны көлігінен айырылуы мүмкін

0
655

Тәртіп бұзушыны № 5 бақылау-өткізу бекетінің мамандары тоқтатқан.


Байқоңырда полицейді басып кете жаздаған ауыл тұрғыны көлігінен айырылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Байқоңырға түнгі уақытты көлікпен мас күйінде кіргісі келген Төретам кентінің 29 жастағы тұрғыны қамауға алынды, деп жазады sputnik.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, тәртіп бұзушыны № 5 бақылау-өткізу бекетінің мамандары тоқтатқан. Дәл алдынан полиция қызметкері шығып, көлікті тоқтатуды талап еткен. Бірақ ауыл тұрғыны оған бағынбай, полицейді басып кете жаздаған. Тәртіп сақшысы жарақат алды.
"Мас жүргізуші ұсталды. Оған қатысты билік өкіліне қарсы күш қолдану бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушінің өтініші бойынша тәртіп бұзушы қамауға алынды", - дейді прокурорлар.
Жарақат алған полиция қызметкері мас жүргізушінің үстінен арыз түсіріп, моральдық шығын өндіріп беруді талап етті. Осыған байланысты тәртіп бұзушының Mercedes-Benz маркалы көлігіне арест қойылды.
Айта кетері, Байқоңыр қаласын жалға алып отырған Ресей Федерациясының құзіретті органдары Қазақстан азаматы заң бұзса, оны жергілікті полицияға тапсырады, ары қарай оны Қазақстан заңнамасы бойынша соттайды. Ал ҚР Қылмыстық кодексі бойынша билік өкілінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекет үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.