Байқоңырдың қазақстандық прокуроры белгісіз себеппен қызметінен кетті

0
1 665

​Нұржан Рахметов өзінің өтініші бойынша Байқоңыр қаласының прокуроры қызметінен ғана емес, сонымен қатар прокуратура саласынан да кетті.


Байқоңырдың қазақстандық прокуроры белгісіз себеппен қызметінен кетті

ERNUR.KZ. Ресей Федерациясының жалдау шартындағы Байқоңыр қаласының прокуроры Нұржан Рахметов өз қалауымен қызметінен кетті, деп жазады sputnik.kz.

"Құрметті достар, әріптестер және туыстар! Мен Байқоңыр қаласының прокуроры қызметінен ғана емес, жалпы прокуратура жүйесінен кеткенімді хабарлаймын!", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Рахметов өз жазбасында мұндай шешім қабылдауға итермелеген себептерді түсіндірмеген. Бірақ бұл таңдау оңай болмағанын атап өткен.

"Бұл менің саналы қадамым. Мен ұзақ уақыт ойланып, осындай шешім қабылдадым. Бұл мен үшін қиын болды. Дегенмен, алға жылжудың уақыты келді. Өзімді мүлдем жаңа нәрседе сынап көрейін деп өз таңдауымды жасадым", – деді экс-прокурор.

Байқоңыр прокуроры болып жұмыс істеген екі жыл ішінде құрмет пен сенімділікті сезіне білген жергілікті тұрғындар Рахметовке жүздеген пікір жазып, оған сәттілік тіледі.

Нұржан Рахметовтің өмірбаяны

Нұржан Рахметов 38 жаста, ол Павлодар қаласының тумасы. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін халықаралық құқық мамандығы мен "Тұран-Астана" университетінде қаржы мамандығын және Инновациялық Еуразия университетінің магистратурасын бітірген.

Нуржан Рахметов

Нұржан Рахметов

2006 жылы ол тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау бойынша астанадағы Алматы ауданы прокурорының көмекшісі және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалау мен атқарушылық іс жүргізу бойынша Алматы ауданы прокурорының көмекшісі болған.

2007-2008 жылдар аралығында Рахметов тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау жөніндегі Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы прокурорының көмекшісі болды.

2008 жылдан 2009 жылға дейін – жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы прокурорының аға көмекшісі.

2009-2010 жылы Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы лауазымын атқарды. 2010 жылы Нұржан Рахметов ұлттық қауіпсіздік органдарында, қаржы полициясы мен кеден органдарында тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры болып жұмыс істеді.

2010-2011 жылы елордалық прокуратурада қылмыстық процестің заңдылығын қадағалау жөніндегі қаржы полициясының басқармасында тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры болды.

2011 жылдың қаңтарынан маусымына дейін – Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасында қылмыстық процестің заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры.

2011-2012 жылы – ұлттық қауіпсіздік органдары мен Нұр-Сұлтан қаласы қаржы полициясының кеден органдарында тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау жөніндегі топтың заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры.

2012 жылдың қазанынан 2015 жылдың шілдесіне дейін Рахметов елорда прокурорының тергеу және қала прокуратурасы арнайы прокурорлар бөлімінің тергеу топтарының жетекшілігі жөніндегі көмекшісі болды.

2015 жылы – Павлодар облысы прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры.

2015 жылдың тамызынан бастап 2017 жылдың қазан айына дейін – Павлодар облысы прокуратурасының бөлім бастығы – аппарат жетекшісі.

2017 жылдан бастап бас прокуратураның байланыс тобы бас прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарды.

Нұржан Рахметов Байқоңыр қаласының прокуроры қызметіне 2019 жылдың мамырында тағайындалды.