Ұшу алдында дайындық жүргізу үшін «Союз МС-16» басқарылатын ғарыш кемесі жеткізілді.
ERNUR.KZ. Байқоңыр ғарыш айлағында 2020 жылғы ұшырылымдарға дайындық жүріп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.
Ғарыш айлағына ұшу алдында дайындық жүргізу үшін «Союз МС-16» басқарылатын ғарыш кемесі жеткізілді. Ресейдің зымыран-ғарыш саласындағы кәсіпорын мамандары оны вагоннан түсіріп, ұшу кемесін қабылдап алу үшін және оны сақтау үшін монтаж-сынақ ғимаратына қойды, деп хабарлады «Роскосмостың» баспасөз қызметінен.
Басқарылатын кеме техникалық кешенде сақталмақ. «Союз МС-16» көліктік басқарылатын кемесі Халықаралық ғарыш стансасынан кезекті 63/64-ші негізгі экспедициямен бірге 2020 жылдың 9 сәуірінде ұшырылады деп жоспарланып отыр.
63/64 ХҒС құрамына ресейлік Николай Тихонов, Андрей Бабкин және америкалық Крис Кессиди, олардың дублері ресейлік ғарышкерлер Анатолий Иванишин мен Иван Вагнер, сондай-ақ америкалық астронавт Стивен Боуэн бекітілді. Экипаждар Байқоңырға әдеттегідей ұшуға екі апта қалған кезде келеді.