Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform
ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі кәмелет жасына толмаған жасөспірімді зорламақ болған, деп жазады inform.kz.
— Кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен сот санкциясымен оқуда жүрген Қорғаныс министрлігі ақмолалық гарнизонының әскери қызметшісі ұсталып, қамауға алынды, — делінген министрлік таратқан хабарламада.
Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайтынын еске салды.
Еске сала кетсек, қазанда Ақтөбеде тергеу изоляторында бала зорлау ісінде күдікті өзіне қол жұмсаған еді.