Балабақшаға барып жүрген 4 жасар қыздың құлағы естімей қалған: Қызылордалық ата-ана тәрбиешілердің жазасыз қалғанына наразы

0
107

Анасы қызының дерті оның жүйкесіне де әсер еткен дейді.


Балабақшаға барып жүрген 4 жасар қыздың құлағы естімей қалған: Қызылордалық ата-ана тәрбиешілердің жазасыз қалғанына наразы

Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы мемлекеттік балабақшаға барып жүрген төрт жасар қыздың құлағы естімей қалды. Анасының сөзінше, бір құлағының пердесі тәрбиешінің ауыр соққысынан жарылып кеткен. Бүлдіршін анасына апайының қалай ұрғанын өзі айтып беріпті. Бірақ бөбекжай қызметкері жазасыз қалыпты, деп жазады stan.kz.

Екі ай бұрын №2 Ұлан бөбекжайынан келген Айзия Серікқожаның құлағы солқылдап ауырған екен. Түнімен мазасынданған бүлдіршінді анасы таңда емханаға апарған. Айтуынша, дәрігерлер құлақ пердесінің қатты соққыдан тесіліп кеткенін айтқан. Содан бері олар емдеу мекемелерінің табалдырығын тоздыруға мәжбүр.

Айзияның бір құлағы әлі де дұрыс естімейді. Аруна Ахметова қызының дерті оның жүйкесіне де әсер еткен дейді. Алайда бөбекжай қызметкерлері бүлдіршінді ұрғанын мойындамаған. Оның үстіне балабақшадағы бейнекамералардың жазбасын да көрсетпей қойды дейді.

Полициямен барған кезде камерасы қосылып тұр. Екі камера тұр екен, құпиясөз сұрап тұр. Бастығы “құпиясөзді бір жерге жазып қойып ем, таппай тұрмын” деп сол күні құпиясөзі айтылмады, камера да ашылған жоқ. Бала өтірік айтпайды. Мен сенемін. Өйткені кішкентай қыздың құлағы тиіп кеткеннен көгермейді. Пердесі тесілмейді. Олар ең құрығанда жауапкершілік танытып, мұны медбикеге айтпаған”, – деді қыздың анасы Аруна Ахметова.

Балабақша басшылары бұл шағымды растамады, не жоққа шығармады. Тек болған іс бойынша құзырлы органдар айналысып жатыр деді. Қазір “кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамау” бабымен іс тергеліп жатыр.