Министр биыл бірнеше рет өтпей қалған ресейлік әншілердің концерттеріне қатысты пікір білдірді.
ERNUR.KZ. Таяуда ғана мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындалған Аида Балаева осы лауазымдағы алғашқы сұхбатын беріп, елді алаңдатып жүрген бірқатар сұраққа жауап берді, деп жазады sputnik.kz.
"Ономастика мәселесі біздің еліміз үшін әр уақытта өзекті мәселе болған. Қоғамымызда көшелер мен елді мекендердің атын ауыстыру бойынша бастама да, ұсыныс та көп. Соның бәрі әлеуметтік желіде болсын, қоғамда болсын, белсенді талқыланып жатады. Ол ұсыныстарға қарсы азаматтар да аз емес. Алайда осы мәселені сол елді мекендердің тұрғындары емес, көбінесе, жеке белсенділер көтеріп жүреді. Дауласатын да, жауласатын да солар. Сондықтан біздің министрлік бұл мәселе бойынша арнайы бұйрық шығарды. Оған сәйкес, көше мен мекендердің атауларын өзгерту, я өзгертпеу мәселесін ең бірінші сол жергілікті жерлерде тұратын азаматтардың өздері шешуі керек. Ол ең бірінші солардың құқығы",қазақ- деп атап көрсетті Балаева.


