​Балалар жылында TiJi кейіпкерлері қазақ тілінде сөйлейді

0
1 054

«TiJi» арнасының 20 елде 14 түрлі тілде хабар тарату тәжірибесі бар.


​Балалар жылында TiJi кейіпкерлері қазақ тілінде сөйлейді

Балалар жылында TiJi кейіпкерлері қазақ тілінде сөйлейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың «Groupe M6» компаниясының телеарналар мен радиостанциялар портфелін халықаралық дистрибуциялау жөніндегі директоры Жан-Рене Окутюрьемен және «Лти Восток» Халықаралық дистрибуция жөніндегі директоры, бас директоры Мария Жабина-Пантеликпен және Қазақстан Республикасындағы Француз Республикасы Елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесшісі Алекс Бортоланмен кездесуі өтті.

Кездесуде «TiJi» телеарнасының қазақ тіліндегі танымал мультфильмдердің аудиожілігінің ресми тұсаукесері өтті. Бұл жобаның жүзеге асырылуына 2021 жылы Аида Балаева бастамашылық еткен болатын.
Асқар Омаров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялағанын атап өтіп:
"Қазіргі ақпараттық ғасырда балалардың қарым-қатынас ортасын қалыптастыруда мультфильмдердің ықпалы зор. Осыған байланысты Министрлік әлемге танымал мультипликациялық балалар арналарын қазақ тіліне аудару бойынша ауқымды жобаны іске асыруда. Бұл балалардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ өскелең ұрпақты тәрбиелеуге септігін тигізетініне сенімдімін», - деді Министр.
Кездесу барысында журналистердің біліктілігін арттыру, анимация өндірісі және Министрлік жетекшілік ететін басқа да салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.
Айта кету керек, балалар телевизиялық контентін өндірушілерді таңдау кезінде балалар телеарналарының осындай жобаларды іске асырудағы тәжірибесі және хабар тарату тілдерінің саны ескерілді.
Мәселен, «TiJi» арнасының 20 елде 14 түрлі тілде хабар тарату тәжірибесі бар. Телеарнаның негізгі миссиясы - 2 жастан 7 жасқа дейінгі балалар үшін қауіпсіз ақпараттық кеңістікті қамтамасыз ету.
«Қазақ тілі өте бай тіл; және оны насихаттау мақсатында қазақстандық балалар үшін арна құруға және қазақ балаларына олардың мемлекеттік тілінің дамуына ықпал ететін ойын-сауық және білім беру контентін қалыптастыру бойынша бірлескен бұл жоба - бізді осынау игі іске ынталандырды», -деп атап өтті Жан-Рене Окутюрье.
Бүгінгі таңда қазақ тіліндегі «TiJi» аудиожолағы төмендегі операторларда қолжетімді: Алма ТВ, TV Commerce, Қазақтелеком, Фермата ПРК, Қайнар Медиа (Талдықорған қ.), Тералайн (Нұр-Сұлтан қ.), ТТК (Теміртау қ.).