Күдікті 2007 жылы 8 жылға сотталып, жазасын өтеп шыққан.
ERNUR.KZ. Алматы облысы Жамбыл ауданы Таран ауылдық округінде ер адамнан таяқ жеген балаларға қатысты тың ақпарат айтылды, деп жазады sputnik.kz.
Балаларды ұрып-соғып, пышақпен жарақаттаған ер адам балалардың анасының көңілдесі болып шықты. Бұл ақпаратты ауыл әкімдігі айтты.
"Әйел адам еш жерде жұмыс істемейді. Таран ауылына көшіп келген отбасы. Ал балаларды ұрып соққан ер адам әйелдің келіп-кетіп, араласып тұратын көңілдесі болған, отбасының танысы", - дейді Таран ауылдық округінің әкімі Шыңғыс Бабагелдиев.
Әкімнің айтуынша, қазір балалардың шешесі Ұзынағаштағы полиция бөліміне кеткен.
Күдікті 2007 жылы 8 жылға сотталып, жазасын өтеп шыққан.
Айта кетері, балалардың жәбір көрген бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.