Балаларға арналған мемлекеттік барлық мекемеге тексеру жүргізіледі

0
1 341

Премьер-Министрдің орынбасары мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді.


Балаларға арналған мемлекеттік барлық мекемеге тексеру жүргізіледі

Премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева көтерген мәселелер бойынша кеңес өткізді, деп жазады Zakon.kz.

Вице-премьер мемлекеттік органдардың Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлескен жұмысын үйлестіру мен бірыңғай тәсілдің маңыздылығын атап өтті.

Динара Закиеваның әрбір ұсынысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді.

Отбасыларды жан-жақты көмекпен қамту жұмыстарын үйлестіру мәселелерін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына бекіту тапсырылды.

Ішкі істер министрлігіне мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, қолайсыз жағдайдағы отбасыларды ерте анықтау бойынша мобилді топтардың жұмысын заңнамалық тұрғыдан бекітуді пысықтау тапсырылды.