Балаларға қарсы қылмыс үшін жаза күшейтілді

0
457

Мұндай істер бойынша шартты түрде соттау және шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылмайды.


Балаларға қарсы қылмыс үшін жаза күшейтілді

ERNUR.KZ. Бас Прокурор Берік Асылов Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиевамен кездесу өткізді, деп жазады inbusiness.kz.

"Кездесу барысында қадағалау органының басшысы Балалар омбудсменін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы жұмыс және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңнамалық өзгерістер туралы хабардар етті.
Атап айтқанда, балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстары үшін жаза күшейтілді. Мұндай істер бойынша шартты түрде соттау және шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылмайды", - делінген ҚР Бас прокуратурасы хабарламасында.

Сонымен қатар, тараптардың татуласуына байланысты осы санаттағы қылмыстық істерді тоқтатуға тыйым салынды.

Бұдан басқа, "Прокуратура туралы" Конституциялық заңда прокурордың кәмелетке толмағандардың мүддесі үшін тексерулер жүргізу және өтініштерді қарау жөніндегі өкілеттіктерін көздейтін новеллалар бекітілген.

"Прокуратура органдары үшін балаларды қорғау әрқашан басымдыққа ие болды және болады", - деп атап өтті Бас Прокурор.
"Жеке мәселе бойынша балаларға қатысты жыныстық қылмыстар туралы қылмыстық істерді тергеудің тиімділігін арттыру шаралары талқыланды. Әрбір осындай іс бойынша қылмыс тіркелген сәттен бастап әрекет ететін "ерекше қадағалау" тетігі белгіленген", - делінген хабарламада.