Техникалық шығармашылық, өнер мектептері, музыка мектептері сияқты қосымша білім беру мектептері де 5 сәуірге дейін каникулға шықты.
ERNUR.KZ. Коронавирусқа байланысты басқа өңірлерден келген 9172 студент тұрғылықты мекенжайы бойынша үйлеріне жіберілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде елде енгізілген төтенше жағдай бойынша ҚР Президентінің тапсырмаларын жүзеге асыру аясында өткен онлайн брифингіде айтылды, деп жазады ҚазАқпарат.
«Техникалық шығармашылық, өнер мектептері, музыка мектептері сияқты қосымша білім беру мектептері де 5 сәуірге дейін каникулға шықты. Ата-аналарға балаларын қосымша білім беру орталықтарына, үйірмелерге апаруды тоқтата тұруды ұсынамыз», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова.