Кадрларда автобус жүргізушісінің сәбиді патрульдік полиция қызметкеріне тапсырып жатқаны көрінеді.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Алматылық автобустан кішкентай бала табылды, деп жазады tengrinews.kz.
Видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрларда автобус жүргізушісінің сәбиді патрульдік полиция қызметкеріне тапсырып жатқаны көрінеді. Видео сипаттамасында баланың автобуста "ұмытып кеткені" айтылады.
Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, баланың туыстары табылған.
"Ата-анасы бірнеше минуттың ішінде табылды. Бала оларға тапсырылды. Барлығы жақсы", - деді Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.