Балқаш қаласында бір жастағы бала терезеден құлады

0
794

Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді.


Балқаш қаласында бір жастағы бала терезеден құлады

ERNUR.KZ. Ересектердің қарауынсыз қалған 2022 жылы туған бала 5 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатының терезесінен құлады, деп жазады inbusiness.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі жазатайым оқиғалардың алдын алу ережелерін еске салады:

  • Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыздар;
  • Ешқашан москит торларына сенбеңіздер. Олар құлаудан қорғауға арналмаған. Керісінше, москит торы қайғылы жағдайға ықпал етеді, өйткені бала оның артында өзін қауіпсіз сезінеді және терезеге де, оған да сүйенеді;
  • Мүмкіндігінше терезелерді төменнен емес, жоғарыдан ашыңыздар;
  • Терезеден балаға бірдеңені көрсетсеңіз, оны әрқашан мықтап ұстаңыз, нәрестенің кенет қимылдарына дайын болыңыз, алақаныңыз құрғақ болуы керек, баланы киімінен ұстамаңыздар;
  • Балалардың балконға ересектерсіз шығуына жол бермеңіздер;
  • Ұйықтап жатқан баланы пәтерде ешқашан жалғыз қалдырмаңыздар, себебі нәресте оянып, ашық терезеге көтеріле алады;
  • Барлық жиһаздарды, соның ішінде төсектерді терезелерден алыс жылжытыңыздар. Бұл нәрестенің терезеге кездейсоқ түсуін болдырмауға көмектеседі;
  • Бала терезені өз бетімен ашуды неғұрлым кеш үйренсе, соғұрлым қауіпсіз болады;
  • Балаңызға терезеге қарау немесе балконнан көшеге қарау үшін аяқ астына орындық немесе басқа құрал қоюды үйретпеңіздер. Кейіннен осылай әрекет ете отырып, құлап кетуі мүмкін.