Ол мұндай әрекетінің себебін түсіндірді.
ERNUR.KZ. Теміртау қаласының 42 жастағы тұрғыны отбасымен бірге Балқаш көліне демалуға келіп, жағажайда пневматикалық қарумен қаңылтыр банкілеріне атуға дайындалған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Жағалау аймағын патрульдеген полиция қызметкерлері ер адамның қолындағы қаруды байқап, оны бірден ұстады. Демалушы өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 434-2-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
«Мен отбасыммен Балқашқа демалуға келдім. Жағажайға пневматикалық қару алып барып, нысанаға атуға ниеттендім. Бұл ойланбай жасаған қадамым еді. Өкінемін. Мұндай жағдай қайталанбайды», – деді Теміртау тұрғыны.