Оқиғаға қатысты кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
ERNUR.KZ. Балқаш қаласында әскери қызметкердің оққа ұшуына қатысты оқиға тергеліп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. ҚР ІІМ Орталық өңірлік Әскери тергеу басқармасының Қарағанды бөлімімен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Қорғаныс министрлігінің 53898 әскери бөлімінің зардап шеккен әскери қызметкеріне ота жасалды, оның жағдайы өте ауыр. Оның күдікті әріптесі 31 мамырда ұсталып, Балқаш қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.
Оқиғаға қатысты кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.