Көлік жөндеу шеберханасының төрт жұмысшысы зардап шекті, одан бөлек үш көлік бүлінді.
ERNUR.KZ. Балқашта қараусыз қалған ғимарат опырылып, ортасына түсті, деп жазады zakon.kz.
Шамамен 360 шаршы метрді құрайтын қабырға құлады.
- Опырылу кезінде ұшқан кірпіш сынықтарынан ескі ғимаратқа іргелес орналасқан көлік жөндеу бекетінде болған төрт адам түрлі дене жарақаттарын алды, - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.
Сонымен қатар, жақын орналасқан көлік жөндеу шеберханасының шатыры, қабырғасы, терезе саңылаулары, құрал-жабдықтармен бірге үш автокөлік бүлінді.
Төрт ер адам - көлік жөндеу шеберханасының жұмысшылары дәрігерлердің тексерулерінен кейін үйлеріне жіберілді.
Қазір оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда.