"Барлық жері сынған". СҚО-да алтын кенішіндегі ер адамның өлімі тергеліп жатыр

0
576

Марқұмды үйіне қапқа салып алып келген.


ERNUR.KZ. Ақмола облысында Солтүстік Қазақстан облысының 23 жастағы тұрғыны Дмитрий Шевченконың ескі алтын кенішіндегі өлімі тергеліп жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

Ата-анасының айтуынша, Дмитрийдің өліміне белгісіз үш адамның қатысы бар. Олар ұлының денесін қапқа салып әкеліп, кетіп қалған.

Екі апта бұрын ер адам Интернеттен жұмыс тапқан. Кейін 400 шақырым көрші өңірге кеткен. Тустары оны алғашқы жалақысымен келеді деп күтіп отырғанда, үш бейтаныс адам оның мәйіттін әкелген.

"Жеңіл көлікпен, "Жигулидің" 14, 15-үлгісі. Осы үй екенін біліп, ит сияқты тастап, кетіп қалды. Барлық жері сынған: қолы, аяғы, кеудесі, басы - бәрі", - деді марқұмның ағасы Андрей Шевченко.

Туыстарының айтуынша, Дмитрий жарылғыш заттарды қолданған. Қайғылы оқиға Бестөбе ауылындағы "Западная" кеніші аумағында болған. Кеніш ескі және уақытша жабылған, бірақ күзетіледі.

Полицейлер дәл сол үш белгісіз тұлғадан жауап алынғанын айтты. Қылмыстық іс қозғалған.

"Алдын ала анықталғандай, ер адам шахтаға заңсыз кірмекші болған кезде жарақат алған. Осы факт бойынша құқық қорғау органдары ҚР ҚК-ның 269-1-бабы 3-бөлігі бойынша соталды іс қозғады", - деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.