Барша жетістіктің бастауында ұстаз тұр – Тоқаев

0
92

Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтады.


Барша жетістіктің бастауында ұстаз тұр – Тоқаев

ERNUR.KZ. Ақордада өткен салтанатты шарада Қазақстан Президенті дарынды ұстаздар бүкіл халықтың ең жақсы қасиеттерін қалыптастыратынын атап өтті, деп жазады sputnik.kz.



Токаев поздравил учителей с праздником - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтады
© Photo : Акорда
Тоқаев саналы ұрпақ тәрбиелеу ісіне ұстаздармен бірге ата-аналар да атсалысуы қажет деп санайды. Бұл орайда, Президент мұғалімдердің пандемия, су тасқыны кезінде оқу үдерісін тоқтатпай, міндетін адал атқарып, елге жанашырлық танытқанын мысал етті.
"Мұғалімнің мәртебесі қашанда бәрінен биік. Ұлы тұлғалардың өзі ұстазының алдында шәкірт болып қала береді. Бір сөзбен айтсақ, барша жетістіктің бастауында ұстаз тұр. Ұлттың болашағы – ұстаздың қолында. Менің мақсатым – ұстазды қоғамымыздың басты кейіпкері ретінде дәріптеу. Себебі сіздер бала оқыту арқылы келешектің кірпішін қалайсыздар. Қазақстанның дамыған ел болуына зор үлес қосып жүрсіздер. Сіздердің табанды еңбектеріңіз ерекше құрмет пен жоғары марапатқа лайық", – деді президент.
Токаев поздравил учителей с праздником - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2024
Токаев поздравил учителей с праздником
© Photo : Акорда
Оқушыларды білімпаздыққа, отаншылдыққа, еңбекқорлыққа баулу қажет. Әрине, қазіргі заманда бұл оңай шаруа емес. Соңғы кезде интернеттің теріс бағыттағы шырмауына түскен жастар көбейіп кетті. Біз балаларды түрлі қатерден қорғай білуіміз керек. Осыған байланысты нақты шаралар қабылданып жатыр. Менің тапсырмаммен "Біртұтас тәрбие" атты арнайы бағдарлама дайындалды. Бұл құжатта Ұлттық құрылтайда айтылған ұсыныс-пікірлер ескерілді. Мектептерде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары ашылды, – деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы Қазақстанның түкпір-түкпірінде еңбегі ерен мұғалімдер жеткілікті екенін атап өтіп, алдағы уақытта олар да назардан тыс қалмайтынын айтты.

"Ұстаздар әулетіне айрықша мән беріледі. Бүгін мен білім беру ісінде 350 жыл еңбек өтілі бар Асылаевтар отбасы туралы мақаланы оқыдым. Олар Абай облысында тұрады екен. Мұндай өнегелі әулеттер елімізде көп деп ойлаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

День учителя отметили в Акорде - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2024
Ақордада ұстаздар күні аталды
© Photo : Акорда
Жиын соңында Мемлекет басшысы білім беру ісіндегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ педагогке "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" атағын тапсырды.