Бас мүфти биыл Қадыр түнін үйде қарсы алу керектігін қадап айтты

0
1 034

Биыл Қадыр түніне мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге сәйкес келеді


Бас мүфти биыл Қадыр түнін үйде қарсы алу керектігін қадап айтты

ERNUR.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биыл Қадыр түнін мешітте қарсы алуға шектеу қойылатынын мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.


«Осы ретте биыл Қадыр түніне мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге сәйкес келеді. Бұл түнді үйде қарсы алу керектігін баса айтқым келеді. Мешіттеріміз ашылғанымен, күндіз таңғы сағат жетіден кешкі сағат сегізге дейін ашық болады. Жоғарыда атап өткенімдей, елімізде төтенше жағдай режимі аяқталғанымен жұқпалы індеттің қаупі толық сейілген жоқ», - деді Бас мүфти ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.