Бас санитардың оқушыларды дәстүрлі форматта оқыту туралы қаулысы шықты

0
669

Дегенмен, оқтыудың форматы өзгергенімен, білім ұйымдарының өзінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың толық сақталу керектігі ескертілген.


Бас санитардың оқушыларды дәстүрлі форматта оқыту туралы қаулысы шықты

ERNUR.KZ. ҚР Бас санитар дәрігердің міндетін атқарушының «Білім беру ұйымдарында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» қаулысы шықты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:

1) 2022 жылғы 14 ақпаннан бастап барлық меншік нысанындағы және водомстволық тиісті білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқытуды қамтамасыз етсін», - деп жазылған қаулы мәтінінде.

Дегенмен, оқтыудың форматы өзгергенімен, білім ұйымдарының өзінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың толық сақталу керектігі ескертілген.

«Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарының басшылары білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауды қамтамасыз етсін.

«Білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту және ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42, 2022 жылғы 13 қаңтардағы №1 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 5 қаулысының 1 және 2-тармақтарының күші жойылды деп саналсын», - деп жазылған құжатта.

Құжат мәтінімен мына сілтемеде танысуға болады.