Басқа адам үшін дауыс беруге бюллетень берген: Сайлау комиссияларының 18 мүшесіне іс қозғалды

0
494

​Ақтөбе облысында келіншегі мен өгей қызына пышақ жарақатын салған мектеп директоры сот залынан босатылды.


Басқа адам үшін дауыс беруге бюллетень берген: Сайлау комиссияларының 18 мүшесіне іс қозғалды

ERNUR.KZ. Сайлау комиссияларының 18 мүшесі азаматтарға басқа адам үшін дауыс беруге бюллетень берген. Бұл туралы Бас прокуратура өкілі Азамат Сарғазин айтты, деп жазады stan.kz.

"Сайлау құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша өндіріс қозғау құқығы прокурордың ерекше құзіретінде. Азаматтарға басқа адамдарға дауыс беру мүмкіндігін ұсыну мақсатында бюллетеньдерді беру түріндегі құқық бұзушылықтар үшін учаскелік комиссиялардың 18 мүшесіне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 110-бабымен айыппұл салынды. Оның ішінде Алматы облысында – 5, Солтүстік Қазақстан облысында – 3, Жамбыл, Жетісу, Түркістан облыстарында – 2-ден, Алматы мен Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Павлодар облыстарында бірден", - деді ол Орталық сайлау комиссиясындағы брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, тең сайлау құқығы туралы талапты басқа сайлаушының атынан дауыс беру арқылы бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 108-бабымен 17 адам әкімшілік жазаға тартылды.

Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында – 4, Алматы облысында – 3, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында – екеуден, Ақтөбе Түркістан облыстарында біреуден факті бар.

"Осы 17 құқық бұзушылықтың 4-еуі учаскелік комиссия мүшелері тарапынан орын алған", - деді Азамат Сарғазин.