Баспана бағасы қымбаттады

0
1 293

Баспана бағасы 2018 жылмен салыстырғанда 3,1%-ға қымбаттаған.


Баспана бағасы қымбаттады
ERNUR.KZ. Биыл мамыр айында Қазақстанда жаңадан салынған баспананың бір шаршы метрінің бағасы орта есеппен 282 314 теңгеге жетті, деп жазады Aikyn.kz.

Салыстырма түрде айтсақ, бұл баға сәуірдегі көрсеткіштен 0,8%-ға жоғары. Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің мәліметінше, баспана бағасы 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,4%-ға, былтырғы қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 3,1%-ға қымбаттаған. Бұрын салынған, қайта сатылатын пәтердің 1 шаршы метрінің мамыр айындағы орташа бағасы – 192 201 теңге. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 1,9%, 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,7% өскен.