Баспана кезегін қалай тексеруге болады

0
1 643

Қазақстанда баспана кезегінде тұрған мыңдаған адам заң талаптарына сай емес болып шықты.


Баспана кезегін қалай тексеруге болады

ERNUR.KZ. Сондықтан алдағы уақытша көбісін кезектен алып тастайды. Сол кезде үй кезегінде тұрғандардың нөмірі өзгереді, деп жазады sputnik.kz.

Баспана кезегін және нөмірін көруге болады

Бүгінде баспана кезегінде тұрған кез келген адам өзінің нөмірін eGov порталы арқылы тексере алады. Алдымен электронды цифрлық қолтаңбамен авторизациядан өту керек. Одан кейін "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы кезектің нөмірін қарау" қызметі таңдайды. Ол жерде екі бөлім бар.
Мәліметтерді енгізетін жерге кезектегі адамның ЖСН немесе тегі, аты және туған күні туралы ақпаратты теру керек. Нәтижесі бірден көрсетіледі.
Бұдан бөлек, баспана кезегін және үй алғандардың кезегін толығымен көруге болады. Ол үшін eGov порталында баспана кезегінде тұрған және үй алған адамдардың тізімін қарау қызметін басу керек. Одан кейін тағы бір бөлім шығады. Мәліметтерді толтыру бөліміне облыс пен ауданды енгізеді. Сосын баспана кезегінде тұрған адамдарды туралы мәліметтерді немесе баспана алған адамдарды туралы мәліметтерді таңдау қажет. Соның нәтижесінде барлық адамның нөмірі мен тізімі шығады.
Айта кетері, әрбір санаттағы адамдардың тізімі бөлек-бөлек жүргізіледі. Көпбалалы аналардың өз кезегі, ал мүгедектердің тізімі бөлек жасалады.

Баспанаға мұқтаждар саны артты

Биыл республика бойынша баспана кезегінде тұрған адамдардың саны 647 мыңнан асты. Бірақ олардың арасында заң талаптарына сай келмейтін азаматтар да аз емес.
96,1 мың адамда соңғы бес жылда үй болған;
533 адам Қазақстан азаматы емес;
91,4 мың адамның тіркеу орны кезекке тұрған аймақпен сәйкес келмейді;
29 мың адамда тіркеу жоқ;
15,6 мың адам базада қайтыс болғандар болып тіркелген.
Осылайша баспана кезегінде тұрған 232 мың адам заң талаптарына сай емес болып шықты. Оларды кезектен шығарып тастайды.
Дегенмен баспана кезегі бойынша үйлер баяу үлестіріледі. Біріншіден, әлеуметтік тұрғын үйлер аз салынады. Екіншіден, заңсыз үй кезегіне қою әрекеттері тыйылмай отыр.
Мәселен, "Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асыру кезінде шенеуніктер жүздеген үйді заңсыз өз адамдарына берген. Ондай заң бұзушылықтар Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар және тағы басқа облыстарда тіркелді.