Кезекте 646 819 азамат тұр.
ERNUR.KZ. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана кімге беріледі және кезекке тұрғандарға қандай талаптар қойылады? Бұл туралы ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол айтып берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Елімізде заңда белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан мұқтаж азаматтарға төменгі пайызбен тұрғын үй беріледі. Мемлекеттік қордан тұрғын үйді алудың жалпы тәртібі «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңмен реттеледі», - деді Бауыржан Қабдол ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Тұрғын үйді кезекке қоюды, шығаруды, беруді әкімдіктер жүзеге асырады. Мысалы, бүгінгі күні әкімдіктерде 646 819 азамат кезекте тұр.
- Тұрғын үй кімге беріледі?
- ҰОС ардагерлері
- Жетім балалар
- Көпбалалы отбасылар
- Халықтың әлеуметтік осал топтары (мүгедектігі бар азаматтар, толық емес отбасылар, зейнеткерлер, қандастар т.б.)
- Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым жұмысшылары
- Жалғыз тұрғын үйі апатты азаматтар
Оларға қандай талаптар қойылады?
- Санатқа жатуы;
- Соңғы 5 жылда тұруға жарамды тұрғын үйдің болмауы;
- Осы мекенжайда тұрғылықты тіркелуі;
- Астана, Алматы және Шымкент қалалары үшін 3-жылдан кем емес тіркелу қажет;
- Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін табысы күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс (125 758 тг).