Баспананың шаршы метрі 400 мың теңгеден кем болмайды – Құрылысшылар одағы

0
893

​​Елде үй бағасының шаршы метрі - 400 теңге болады деп болжануда.


Баспананың шаршы метрі 400 мың теңгеден кем болмайды – Құрылысшылар одағы

ERNUR.KZ. Бұл туралы Құрылысшылар Одағы төрағасы Талғат Ерғалиев мәлімдеді, деп жазады ulysmedia.kz.

«Мен сендерге айтайын, биыл айттым, былтыр айттым, ай сайын пәтерлердің бағасы қымбаттап жатыр. 1 ай бұрын 320 мың болған, қазір 390 теңге, келешекте 400 мыңнан кем болмайды. Қолжетімді баспананы айтып жатырмын, 1-2 класс баспанасы туралы айтып жатқан жоқпыз. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, саладағы жағдайды түсіну үшін елдегі құрылыс материалдарының тауарлық матрицасын қарастыру жеткілікті. Отқа төзімді цементтер мен ерітінділер өндірісі жолға қойылып, қажетті өндірістің 70,1%-ын қамтамасыз етіп отыр. Бетон бұйымдары (98,1%), портландцемент (86,8%), ерітінділер (99,8%), лак-бояу (66%) өнімдері шығарылады. Алайда қазақстандық тауарлар құрамына импорттық қоспалар қажет. Мысалы, ерітінділер мен бояуларға қажетті химиялық заттар елде өндірілмейді, көбінесе Германия, Англия, Франциядан жеткізіледі», - «Қазақстан құрылысшылар одағы» төралқасының төрағасы Талғат Ерғалиев.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерінің түйткілді мәселелерін жинау үшін жедел штаб құрған. Өйткені мәселе ұшығып келеді.

«Доллар қазір неше пайызға өсті, 80 теңгенің төңірегінде қосып отыр. Бұл енді тек қана 80 теңгенің төңірегінде ғана емес, қосымша шетелден доллармен алынады ғой немесе шетелдік валюталармен. Ол кезде олардың тасымалдары бар. Кедендік шығындары бар, солардың бәрін есептесек, одан кейін логистика мәселесі. Логистиканың өзі бұрын тікелей болса, қазір көбісі айналымды жолдармен келеді. Осылардың бәрі қосымша құн салығына қосылады. Қауымдастықтың есебінше, құрылысқа қажет материалдар мен құрал-жабдықтардың 60 проценті шетелден келеді. Елде тек бетон, кірпіш қана шығады. Ал жоғары технологиялы материалдар жоқтың қасы дейді мамандар. Сорақысы сол жағдай реттелмесе, 30 мыңнан астам құрылысшы жұмысынан айырылып, 600-ден астам құрылысқа қаржы табылмай қалуы мүмкін»,- «Атамекен» ҰКП, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы.