«Бастау Бизнес» жобасына өтінім қабылдау басталды

0
472

Жоба аясында биыл 30 мың адамды кәсіпкерлік негіздерін оқыту жоспарланған.


«Бастау Бизнес» жобасына өтінім қабылдау басталды

ERNUR.KZ. Бастау бизнес жобасының төртінші легіне өтінім қабылдау басталды. Төртінші лекке ең көп өтініш қабылдайтын аймақтардың қатарында Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары бар, деп жазады baq.kz.

«Атамекен» ҰКП өтінімді тек Жұмыспен қамту орталығы берген жолдама мен жеке куәлік негізінде қабылдайды. Ал жолдаманы беру тәртібін азаматтар өз өңіріндегі Жұмыспен қамту орталығынан біле алады.

Айта кетейік, жоба аясында биыл 30 мың адамды кәсіпкерлік негіздерін оқыту жоспарланған.

Оқу кестесі өңірлік палаталардың барлық сайтында және Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында жарияланған. Сондай-ақ, тыңдаушылар үшін Ұлттық палатаның 1432 колл-орталығы жұмыс істейді

Еске салайық, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылдан бастап халықты кәсіпкерлік дағдыларға оқытуға, сондай-ақ олардың бизнес-жобаларын сүйемелдеуге бағытталған «Бастау Бизнес» жобасын іске асыып келе жатыр.

2017-2020 жылдар аралығында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 151 мың тыңдаушы кәсіпкерлік негіздерін оқыды, оның ішінде 4 жылда 44 мың жоба (29%) іске қосылды. Оның 60%-ы ауыл шаруашылығы саласында. Қалған бөлігі – сервис, сауда және т.б. Алайда, ауылда ашылған жобалардың көбі (шамамен 80%) АӨК саласында – мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында іске асырылады.

Төртінші лекте республика бойынша 5214 өтінім қабылдау жоспарланған. Қазақстандықтар оқуға онлайн өтінім жібере алады.