Басына орамал тағып, ұзын етек көйлек киген әйел допты бірнеше рет қабырғаға басымен қайтара соғып ойнайды.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде орта жастағы әйелдің басымен 56 алты дпты қайтарып, қабырғаға ұрып ойнаған сәті жазылған видео тарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бейнежазбада жас шамасы 50-лер төңірегінде болатын, басына орамал тағып, ұзын етек көйлек киген әйел допты бірнеше рет қабырғаға басымен қайтара соғып ойнайды.
Оны инстаграм желісіне қолданушылар салып жатыр. Әлем чемпионатымен байланыстырған кейбір оқырман әйелдің мұнысына разы болса, енді бірі «қазіргі әжелеріміздің түрі осындай» деген сыни пікір де қалдырып жатыр.
«Дәл қазірге дейін Мессиге жанкүйер едім, енді мына апаға... Аты-жөні кім екен?», «Мына апам Қазақстанның кейбір футболшыларынан мықты ғой» десті желі қолданушылары.
Видеоның қай жерде түсірілгені белгісіз.
Видео әлеуметтік желіден алынды.