"Басын қабырғаға соғады": Алматыдағы пәтерлердің бірінен "Маугли" балалар табылды

0
754

Екі бала 2016 жылы, олардың ағасы 2020 жылы дүниеге келген.


ERNUR.KZ. Алматыда пәтерлердің бірінен "маугли" балалар табылды. Алматының Медеу ауданында бірнеше жыл бойы үш кішкентай бала анасымен бірге тұрып, іс жүзінде ата-анасының қамқорлығынсыз және қарауынсыз өскені белігіл болды, деп жазады tengrinews.kz.

Құжаттарға сәйкес, екі бала 2016 жылы, олардың ағасы 2020 жылы дүниеге келген. Көршісінің айтуынша, балалар сұмдық жағдайда тұрған: олар тұратын пәтерде қоқыс пен нәжіс толып жатыр. Сондай-ақ, көршісінің айтуынша, кенже баланың киімі де болмаған.

Балалар анасымен бірге тұрған пәтер. Сонымен қатар, балалардың ең кішісінде аутизм спектрінің бұзылуы (АСД) болуы мүмкін екені анықталды.

"Оған қарау керек, ол өте арық, егер бірдеңе дұрыс болмаса, басын қабырғаға соғады, кейін қолымен. Өкінішті, ол туылғанына кінәлі емес, ең болмаса шомылдыру керек", - дейді баланы уайымдап жазған қамқор әйел.

ЦАН қызметкерлерінің айтуынша, үш жастағы Р. аутизммен ауырады.

Бірнеше күн бұрын үш бала да Алматыдағы қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына жеткізілді.

"Бізге түскенде оларды (балаларды - авт.еск.) көрсеңіз ғой. Мұндайға үйреніп қалған болсақ та, бұл қорқынышты көрініс болды. Мұндай балалар бірінші рет келіп тұрған жоқ. Балалар мүлдем қоғамға үйренбеген. Кіші бала тамақ ішу үшін қасықты қалай ұстау керектігін де білмейді", - дейді орталық қызметкерлері.

Орталық қызметкерлерінің айтуынша, балалардың анасы алкогольға тәуелділіктен қиналып, қазір емделуге жіберілген. Әкесі олармен бірге тұрмайды.

"Балалар қараусыз қалған. Қамқоршылар түсірген суреттеріне қарасақ, балалардың жағдайы қиын. Оларды алып келгеннен соң ертеңіне кішкентайы Р.-дың аутизммен ауыратыны анықталды. Қазір біз барлық инстанцияға хабарласып, невропатологтарды шақырдық, барлық тексеруден өту үшін психиатр мен терапевтке жолдама береміз", - деді орталық директоры Нұргүл Елибаева.

Оның айтуынша, балалар бұл орталықта алты айға дейін бола алады. Әрі қарай олардың тағдырын сот пен қорғаншылық органдары шешеді. Егер анасы түзеліп, дұрыс жолға түссе, анасына қайтарылуы мүмкін.