Батыс Қазақстан облысында өз анасын өлтірген тұрғын сотталды

0
311

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, шын ниетпен өкінетінін айтты.


Батыс Қазақстан облысында өз анасын өлтірген тұрғын сотталды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты анасын өлтірген тұрғынға қатысты үкім шығарды, деп жазады zakon.kz.

Батыс Қазақстан облыстық сотының хабарлауынша, тұрғын ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне ("Адам өлтіру") бойынша айыпты деп танылды. Сот талқысында анықталғанындай, 2023 жылы 1 қараша күні сағат шамамен 00:30-да Орал тұрғыны мас күйінде өзінің анасымен сөзге келіп, аңшылық пышағымен оң жақ кеуде тұсына соққы жасаған. Салдарынан марқұм сол жерде жан тапсырған.

"Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, шын ниетпен өкінетінін айтты. Сот үкім шығарған кезде қылмыстың сипаты мен қоғам үшін қауіптілігін, жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды ескерді. ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді. Жәбірленушіден талап арыз түскен жоқ. Сот үкімі заңды күшіне енді", - деп хабарлады сот.