Батыс Қазақстан облысында шошқа тұмауы да тіркелді

0
119

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұмауға қарсы әрбір адам үшін, әсіресе, балалар мен жүкті әйелдер үшін вакцина алудың маңыздылығын еске салады.


Батыс Қазақстан облысында шошқа тұмауы да тіркелді

Фото: Pixabay

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында өткен жылғы 1 қазаннан бері 62 885 адамның жедел респираторлық вирустық инфекциямен сырқаттанғаны белгілі болды, деп жазады inform.kz.

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, бұл 2024-2025 жылғы эпидемиологиялық кезеңмен (77 928) салыстырғанда, 19,6 пайызға кем.

Ауырғандардың 44 920-сы – 14 жасқа дейінгі балалар. 785-і – 1 жасқа дейінгі сәбилер. 136-сы – жүкті әйелдер.
Департамент деректеріне қарағанда, 1 қазаннан бері 189 адам тұмауға шалдықса, соның 188-інен А типінің H3N2 вирусы (гонконг тұмауы) анықталған. Сонымен қатар жуырда 1 адамның А типінің H1N1 түрін (шошқа тұмауы) жұқтырғаны тіркелді. Аурушаңдылық 2,8 есеге өсіп отыр.
Солардың ішінде басым көпшілігі немесе 135-і – 14 жасқа дейінгілер, 16-сы – жүкті әйелдер.
БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұмауға қарсы әрбір адам үшін, әсіресе, балалар мен жүкті әйелдер үшін вакцина алудың маңыздылығын еске салады.