Батыс Қазақстан облысының әкімдігі шамамен 140 млрд теңге болатын 16 инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.
Фото: primeminister.kz
ERNUR.KZ. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 2025 жылғы 25 қарашада өткен Үкімет отырысында "Еуразия" трансшекаралық сауда орталығының дамуы туралы баяндады, деп жазады zakon.kz.
Орталық Орал әуежайына жақын орналасқан және 2020 жылы индустриялық аймақ мәртебесіне ие болған.
"Батыс Қазақстан облысының әкімдігі шамамен 140 млрд теңге болатын 16 инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл жобалар құрылыс материалдары, жиһаз, шыны, мұнай-газ секторының жабдықтары өндірісін, сондай-ақ автокөлік шиналарын, резеңке, пластмасса мен катализаторларды қайта өңдеуді қамтиды", – деді Шаққалиев.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта үш жоба жүзеге асырылып жатыр:
- сағатына 240 тонна өнім шығаратын асфальт-бетон зауыты;
- газобетон және темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт;
- автокөлік шиналарын қайта өңдейтін кәсіпорын.
Бұл жобалардың жалпы инвестиция көлемі 11,2 млрд теңге.
"Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы жүргізілуде. Сыртқы инфрақұрылым бойынша жұмыстар аяқталды, ал ішкі инфрақұрылымға қатысты жобалық-сметалық құжаттама әзірленді", – деп қосты министр.


