Батыс Қазақстанда өрт салдарынан бір үйдің бес баласы көз жұмды

0
203

Құтқарушылар бес баланы ес-түссіз күйде тапты.


Батыс Қазақстанда өрт салдарынан бір үйдің бес баласы көз жұмды

фото: Sputnik/Ертай Сарбасов

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында бір отбасының бес баласы өрт салдарынан көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.
Қайғылы оқиға бүгін болған. Өрт сөндірушілерге жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.
"Өрт сөндірушілер оқиға орнына қоңырау түскеннен кейін 5 минуттан кейін келді. Үйде 30 шаршы метр аумақта ашық жалынмен жеке заттар мен жиһаз жанып жатты. Құтқарушылар бес баланы ес-түссіз күйде тапты. Өкінішке қарай балалар ауруханада қайтыс болды", - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Ведомствоның мәліметінше, балаларға иіс тиген.
Оқиға орнына ТЖД басшылығы, зерттеу-сынақ өрт зертханасы, анықтау бөлімі және ТЖ департаментінің психологы шықты.
Ауыл әкімдігінің айтуынша, бес баланың үлкені 2019 жылғы, кенжесі бір жас шамасында. Жас отбасы екі жыл бұрын осы ауылға қоныс аударған. Балалардың әкесі мәдениет үйінде шаруашылық меңгерушісі, ал анасы үй шаруасында. Жалдамалы баспанада тұрған. Өрттің неден шыққаны белгісіз.
Өрт толығымен сөндірілді.