Батыс Қазақстанда төрт айда 600-ге жуық адамды ит қапқан

0
172

Биылғы жылға қаңғыбас жануарларды аулау және стерилизациялау жұмыстарына облыстық бюджеттен 73,3 млн теңге қаржы бөлінген.


Батыс Қазақстанда төрт айда 600-ге жуық адамды ит қапқан

фото: Sputnik / Илья Питалев

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында биыл 4 айда 584 адамды ит қапқан. Оның 396-ы қаңғыбас иттер, деп жазады sputnik.kz.
Соның ішінде Орал қаласында 406 адам итке таланған.
"Өткен жылы барлығы 1 902 адамды ит қапқан, оның 1 341-і қаңғыбас иттер ", - дейді ведомство.
Биылғы жылға қаңғыбас жануарларды аулау және стерилизациялау жұмыстарына облыстық бюджеттен 73,3 млн теңге қаржы бөлінген.
"Жыл басынан 702 қаңғыбас жануар ауланды, соның 340-ына стерилизациялау өткізіліп, мекендеу ортасына кері жіберілді, 362 қаңғыбас ит тұрғындардың өтініші негізінде жансыздандырылды", - дейді департамент.
Өткен жылы облыс бойынша қаңғыбас иттерді аулау және стерилизациялау іс-шараларына 68,2 млн теңге қаржы жұмсалды. 6 925 қаңғыбас жануар ауланып, соның 3885-іне стерилизация жасалып, мекендеу ортасына қайтарылды, 3040 қаңғыбас ит тұрғындардың өтініші негізінде жансыздандырылды.