Баянауылда таудан түсіп келе жатып аударылған көліктің видеосы тарады

0
112

Автокөлікте 5 адам болған.


Баянауылда таудан түсіп келе жатып аударылған көліктің видеосы тарады

фото: Stefan Schweihofer

ERNUR.KZ. Павлодар облысындағы Баянауыл кентінде таудан түсіп келе жатқан көлік бірнеше рет аударылып кетті, деп жазады sputnik.kz.
Жол апаты 16 шілде күні Жасыбай демалыс аймағында болған.
"Hyundai Tucson" автокөлігін мінген әйел таудан бұралаң жолмен түскенде рөлге ие бола алмаған. Соның салдарынан аударылып кеткен.
"Жол апаты салдарынан 5 адам зардап шекті, жүргізуші мен оның жолаушысы сол мезетте ауруханаға жеткізілді. Қалған үш жолаушы кейінірек дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Полиция жолдарда, әсіресе, демалыс аймақтарында және жол ерекшеліктері бар учаскелерде жылдамдық режимін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.