Павлодар облысында әйелін көңілдесімен ұстап алған ер адамды келіншегі ұрып жіберген.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Баянауыл ауданында ерлі-зайыптылар арасында отбасылық жанжал орын алған, деп жазады Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сол күні ер адамның туған күні болған. Әйелін қуантуға тырысқан күйеуі іссапардан ерте келген, алайда үйдегі көріністі көргеннен кейін көңілі су сепкендей басылған.
- Жолдасы үйге келгенде келіншегі басқа бір жас жігітпен бірге уақытты жақсы өткізіп отырған. Отағасы жағдайды анықтай бастап, ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындаған. Ұрыс барысында әйелі күйеуінің бетіне үй заттарымен бірнеше соққы салған, - дейді департаментте.Соққы алған ер адам ауруханаға көмек сұрауға мәжбүр болды. Медициналық сараптама «жеңіл дәрежеде» дене жарақаттарын анықтады.
Денсаулыққа қасақана жеңіл дәрежеде зиян келтіргені үшін ауыл тұрғынына қатысты 73-1-бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.