ІІМ "MEGA SILK WAY" СОО-дағы бұзақылықты тергеуді жалғастыруда.
ERNUR.KZ. 18 маусымда Астанадағы "MEGA SILK WAY" СОО-дағы кафелердің бірінде қоғамдық тәртіп бұзылып, келушілердің бірі екіншісін ұрып-соққан, деп жазады inbusiness.kz.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталды, ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Ішкі істер органдары барлық қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізуде. Олардың нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады.
Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты пікір білдірген болатын.


