Бейжіңдегі қайырымдылық жәрмеңкесіне Қазақстан қатысты

0
1 279

Қазақстан павильонына келіп-кетушілердің көбі негізінен қазы, бауырсақ, қымыз сияқты тағамдарды қызыға алады


Бейжіңдегі қайырымдылық жәрмеңкесіне Қазақстан қатысты

ERNUR.KZ. «Шексіз сүйіспеншілік». Қытай астанасында осындай атаумен жыл сайын қайырымдылық жәрмеңкесі өткізіледі. Оған Бейжіңдегі шет елдің елшіліктері, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады, деп жазады 24.kz.

Әрине, Қытайдағы Қазақстан елшілігі де қайырымдылық шарасына белсенді қатысушылардың бірі. 70 мемлекеттің елшіліктері ұлттық тағамдары, қолөнер бұйымдары тағы да басқа жылы-жұмсақтарын саудаға шығарды. Қазақстан павильонына әдеттегідей келіп-кетушілер өте көп. Олар негізінен қазы, бауырсақ, қымыз сияқты тағамдарды қызыға алып жатты.

Биыл жәрмеңкеден жиналаған ақша Гуйчжоу провинциясындағы туабітті саңырау балаларға берілмек. «Шексіз сүйіспеншілік» халықаралық қайырымдылық шарасы 2009 жылдан бері Қытай Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен өткізіліп келеді.

Лю Жин, Бейжің қаласының тұрғыны: - Мен жыл сайын осы жәрмеңкеге келемін және Қазақстан павильонынан соқпай кетпеймін. Мұнда барлығы дәмді әрі жоғары талғаммен жасалған заттарды алуға болады. Осы жолы кәдесыйлықтар алып, қайырымдылыққа өз үлесімді қосқым келді.

Динара Ілбілсінова, жәрмеңкеге қатысушы: - Біздің өнімдерімізге тек үлкендер ғана емес, біздің балаларымыз да үлесін қосып отыр. Өте маңызды деп ойлаймын. Өйткені балалардың қайырымдылыққа және жаңашылдыққа осындай үлкен үлес қосып отырғанына.