Bek Air ұшағының қара жәшігі жақсы сақталған - вице-премьер

0
785

Олар жақсы сақталған, сондықтан оларды оқу кезінде мәселе туындамайды.


Bek Air ұшағының қара жәшігі жақсы сақталған - вице-премьер

ERNUR.KZ. Алматы маңында құлаған Bek Air ұшағының борттық өздігінен жазу құрылғысы жақсы сақталған. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр журналистерге айтты, деп жазады tengrinews.kz.

"Олар жақсы сақталған, сондықтан оларды оқу кезінде мәселе туындамайды деп ойлаймыз. Мемлекетаралық авиация комитетінде мереке күндері де жұмыс істейтін болады деп уәде берді. Біз бұрын айтқандай, 10 қаңтарға дейін тергеудің алдын ала нәтижелерін береміз", - деді Скляр Үкімет отырысынан кейін кулуарда.

"Bek Air компаниясының қызметі тоқтатылды. Тергеу қорытындысы бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатын болады", - деді ол.

Борттық өздігінен жазу құрылғылары (немесе қара жәшіктер) авиацияда ұшудың негізгі параметрлерін, ұшу аппараты жүйелерінің жұмыс істеуінің ішкі көрсеткіштерін, экипаждың әңгімесін және т.б. жазу үшін пайдаланылады. Өздігінен жазғыштардан алынған ақпарат әрбір ұшудан кейін экипаждың іс-қимылдарын және авиатехниканың жұмыс қабілеттілігін бақылау үшін, ал ерекше жағдайларда-оқиғаларды тексеру кезінде пайдаланылады.