Өткен аптадан бері еліміздегі қызылша ауруына шалдығу деңгейі төмендегені байқалады.
ERNUR.KZ. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстандағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай жөнінде өткен брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп жазады baq.kz.
«Өткен аптадан бері еліміздегі қызылша ауруына шалдығу деңгейі төмендегені байқалады. Соның ішінде, облыстарда қызылшаға шалдығудың бірде-бір жағдайы тіркелмесе, Астанада екі есеге төмендеді және Алматыда бір ғана жағдай тіркелді», - деді Бекшин.
Ол өткен жылдары Еуропа аумағында қызылшаға шалдығудың 70 мыңнан астам фактісі тіркелгенін атап өтті.
«Эмиграциялық процестердің салдарынан қызылша фирусының елге келуі орын алып отыр. 24 қаңтарда біз Қазақстанда «айналымда» жүрген аурудың қоздырғышына жүргізілген геномдық зерттеу нәтижесін алдық. Бұл Еуропа елдеріндегіге сәйкес штамм екені анықталып отыр», - деді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.
Бекшин 80 жылдардың соңы мен 90 жылдардың басында белгілі себептерге байланысты елге вакцинаның жеткізілмеуі салдарынан қызылшаның өршуі орын алғанын айтты. Соның нәтижесінде, әрбір алты жыл сайын қайта вакцинациялау жөнінде шешім қабылданды.
«Сол себепті, қазір басым жағдайда жатырда жатқан кезде өз аналарынан жатырішілік иммунитет алмаған балалар қызылшаға шалдығып жатыр. Сондықтан, мұндай жағдайдың алдын алмау үшін вакцинациялаудың маңызы зор. Сол себепті, ата-аналарды балалардың уақыты екпе алған-алмағанын тағы бір тексеріп, дер кезінде екпе алуға шақырамыз», - деп түйіндеді комитет төрағасы.