Бекшин «Омикрон» штамына қатысты болжам жасады

0
623

2022 жылдың қаңтар айының ортасында «дельта» нұсқасын біртіндеп ауыстыра бастайтын «омикронның» үстемдігі болады деп күтілуде.


Бекшин «Омикрон» штамына қатысты болжам жасады

ERNUR.KZ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады, деп жазады baq.kz.

Мегаполистің бас санитарлық дәрігері орта мерзімді болжамды жариялады. Оған сәйкес Алматыда COVID-19-дың «омикрон» нұсқасы эпидемиясының кезекті толқыны орын алуы әбден мүмкін.

"2022 жылдың қаңтар айының ортасында «дельта» нұсқасын біртіндеп ауыстыра бастайтын «омикронның» үстемдігі болады деп күтілуде. Бесінші толқынның шыңы алдағы жылдың наурыз айының ортасында болады", - деді ведомство басшысы.

ДДСҰ-ның мәліметтерін мысалға келтірген ол онда «омикронмен» бетпе-бет келгенде вакцинацияның толық курсынан кейін иммундық қорғаныс тиімділігі 50%-ға төмен деп санайды. Сол үшін эпидемияға қарсы қосымша шаралар мен халықтың ревакцинациясын жеделдету қажет.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Омикрон» штамы жаңа эпидемия толқынын тудыруы мүмкін екендігі туралы жазған болатынбыз.