Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдерге қаржылық тәртіпті күшейтуді және қосымша кіріс көздерін табуды тапсырды.
фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. Бұған жергілікті бюджеттердің атқарылуындағы түйткілдер себеп болды, бұл туралы бүгін Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Такиев айтты, деп жазады tengrinews.kz.
Премьер әкімдерге қосымша кірістерді жұмылдыруды қамтамасыз етуді және ішкі резервтерді барынша іске қосуды тапсырды.
"Бұл өңірлердің республикалық бюджеттен жоспардан тыс қаржыландыруға тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік береді", - деді Олжас Бектенов.
Сондай-ақ Үкімет басшысы көрсеткіштері төмен өңірлерден жағдайды жедел түзетуді талап етті.
Қай өңірлер артта қалып жатыр?
Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, былтырмен салыстырғанда түсімдер 125,6 миллиард теңгеге немесе екі пайызға өскен. Алайда алынбаған кірістердің жалпы сомасы 278,3 миллиард теңге болды.
"Тоғыз өңірде жоспар орындалмаған. Ең үлкен ауытқу - Атырау, Павлодар және Маңғыстау облыстарында", - деді Такиев.
Министрдің сөзінше, әкімдіктер мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп, жыл аяғына дейін бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауы қажет.
Такиев премьер-министрден әкімдіктер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жыл аяғына дейін бюджеттің атқарылуы үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсыруды сұрады.
Сонымен қатар министр келесі қаржы жылында өңірлерге берілетін трансферттер 1,2 триллион теңгеге артатынын айтты.
"Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет қаражатының нысаналы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ете отырып, қаржылық тәртіпті күшейтуі тиіс", - деп атап өтті Бектенов.
Премьер әрбір министр мен әкім жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізуге жеке жауапты екенін еске са


