Белгілі әнші-композитор Рамазан Елібаев дүниеден озды

0
645

Өнер қайраткерінің қазасы туралы хабарды балалары жариялады.


Белгілі әнші-композитор Рамазан Елібаев дүниеден озды

Фото: www.instagram.com/yelibayev1947

ERNUR.KZ. Әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Елібаев қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz.

Рамазан Елібаев 1947 жылы дүниеге келген. Ол – белгілі қазақ әншісі және композиторы, "Нұрекем", "Тұмарым", "Жаным-ау", "Не пая" әндерінің авторы және орындаушысы.

"Көздер-ай", "Жас ұлан", "Балалық қайран бал шағым", "Көңіл күйі" т.б. "Гүлдер" ансамблінің құрамында түрлі халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

Әнші бір жыл бұрын 3-дәрежелі "паркинсон" дертіне шалдыққан еді. Марқұмның жаназасы 13 қазан күні Астана қаласындағы Республикалық бас мешітте шығарылады.