Белгілі қазақстандық журналиске халықаралық іздеу жарияланды

0
983

Алматы полиция департаменті бұл ақпаратты растады.


Белгілі қазақстандық журналиске халықаралық іздеу жарияланды

Фото: Instagram danapartner

ERNUR.KZ. 25 қаңтарда әлеуметтік желіде қазақстандық продюсер әрі журналист Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланғаны туралы ақпарат тарады, деп жазады stan.kz.

Алматы полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

Полиция мәліметінше, Орманбаеваға қатысты "ұлтаралық араздықты қоздыру" фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

"Сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына сырттай санкция берді. Сонымен бірге күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды”, – делінген хабарламада.

Дубайда тұратын Орманбаева халықаралық іздеу туралы ақпаратқа пікір білдірді.

"Достар, маған іздеу жарияланғаны туралы ақпаратқа реакция білдіргендеріңіз үшін рақмет! Хабарламаларыңыз бен қолдауларыңыз үшін алғыс!”, – деп жазды ол Instagram парақшасында.




Еске салсақ, бұған дейін Баян Алагөзованың белгілі блогерді өзін қорлады деп айыптап, сотқа бергені туралы жазған едік. Сот талап арызды ішінара ғана қанағаттандырып, айыпталушы журналист Дана Орманбаеваны өзі жариялаған ақпаратты жоққа шығаруды, сонымен қатар моральдық шығын ретінде Баян Мақсатқызына 500 мың теңге төлеуге міндеттеді.