Бұл туралы Әділет министрі Үкімет сағатынан соң журналистерге берген жауабында айтты.
Фото: elle.com.kz
ERNUR.KZ. Министр Ерлан Сәрсембаев табысын қасақана жасырғандарды анықтау қалай жүзеге асырылатынын түсіндіріп көрді, деп жазады inbusiness.kz.
Оның сөзінше, министрліктің жүйесін агрегатор-сайттарға, соның арасында inDrive-ге, Yandex -ке және басқа да платформаға қосу жоспарланған. Әрі Әділет министрі бұл жобаның өз жемісін беретініне сенімді.
– Қазіргі уақытта агрегаторлармен тиісті келіссөзді бастап кеттік. Yandex тaxi немесе басқа да интернет агрегаторлармен келісім болып жатыр. Бұл тұрғыда тек борышкерлерге қатысты ақпарат алмасу болады, яғни алимент немесе басқа да төлемдерді төлемей, табысын жасырып жүргендер қамтылады. Осы орайда сот шешімдерін орындау мәселесі ескерілген. Оларды тек жүйенің интеграциясы арқылы іздеп, тиісті шара қолдануды қарастырып отырмыз, – деп нақтылай түсті Ерлан Сәрсембаев.