Бет-ауызы қан-жоса: Алматы орталығында қызды ұрып кетті

0
849

Видеодан бет-ауызы қан-жоса болған қызды ер адамнан әлдекімдердің арашалап алып бара жатқанын көруге болады.


Бет-ауызы қан-жоса: Алматы орталығында қызды ұрып кетті

ERNUR.KZ. Бойжеткеннің белгісіз ер адаммен төбелесінен кейінгі жағдайының видеосы тарады, деп жазады Экспресс К.

Кадр астындағы жазбада жанжал Алматыдағы Байтұрсынов-Төле би көшелері қиылысында болғаны айтылады. Сондай-ақ, бойжеткенді кімнің не себеппен ұрғаны белгісіз екені мәлімделген. Видеодан бет-ауызы қан-жоса болған қызды ер адамнан әлдекімдердің арашалап алып бара жатқанын көруге болады.

Осы жағдай туралы Алматы қаласының Полиция департаменті ақпарат берді.

“Бұл дерек ҚК 293-бабына сәйкес (Бұзақылық), сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Қылмыстық іс аясында тиісті сараптама тағайындалды. Айыпкерге заңи тұрғыда қатаң жаза қолданылады. Тергеу барысы ПД басшылығының жіті бақылауында”, - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.