Білім орталығының басшысы ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлекке автокөлік сыйлады

0
134

"Зерделі" мектептерінің негізін қалаушы, математик Ырысбек Мәуіт ҰБТ-дан 140 балл жинаған оқушы Жанайым Рашитке Zeekr автокөлігін сыйлады.


Білім орталығының басшысы ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлекке автокөлік сыйлады

Фото: instagram.com/zerdeli.astana

ERNUR.KZ. Ырысбек Мәуіт Жанайым Рашиттің "Зерделі" мектептерінде оқығанын, білім ошағындағы басқа түлектерге де мотивация болсын деген ниетпен осындай сый жасағанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Зерделі" білім беру орталығы тағы бір жетістікке қол жеткізді. Орталықтың үздік оқушыларының бірі Жанайым Рашит Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғары 140 балл жинап, еліміздің үздік түлектерінің қатарынан көрінді", – делінген білім беру орталығы таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, күні кеше Астана қалалық білім басқармасы Жанайымның ұлттық тестілеуден 140 балл жинаған хабарлаған еді. Жанайым Рашит ҰБТ-да таңдау пәндері ретінде "Дүниежүзі тарихы" мен "Ағылшын тілін" таңдаған. Жас түлек "Халықаралық қатынастар" мамандығына қызығушылық танытып отыр.