Бір мезетте 8 автокөлік соқтығысқан: Қостанай облысында көктайғақ

0
96


Бір мезетте 8 автокөлік соқтығысқан: Қостанай облысында көктайғақ

ERNUR.KZ. Полиция жүргізушілерді мұқият болуға, жылдамдық пен қашықтықты сақтауға шақырады, деп жазады Ulysmedia.kz.


11 қазан күні кешке Қостанайдың үлкен көпірінде ауа райының күрт нашарлауына байланысты сегіз автокөлік соқтығысқан жол апаты болды.

"Апат кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Тек автомобильдерге материалдық шығын келтірілді. Апаттың алдын ала себебі – қашықтықты сақтамау. Бұл жерде болған оқиғаға құқықтық баға беретін патрульдік полицейлер жұмыс істейді", – деді Қостанай ҚП патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Еңлік Сураганов.

Полицияның мәліметінше, қазір Қостанай трассасында көктайғақ.